01

Жобаның мақсаты қандай?

Мақсаты — ақуыз молекулаларын ширатып/жазатын үдерістерді компьютерлік үлгілеу арқылы, бүгінгі таңда адамзат баласын азапқа салып жүрген, ақуыз ақауына байланысты пайда болатын Альцгеймер, Паркинсон, 2-ші типті диабет, Крейтцфельдт-Якоб (сиыр құтырық), склероз және тағы басқа онкологиялық аурулардың пайда болу себебін түсіну.

02

Үлгілеу есебі қалай шешіледі?

Үлгілеу есебі керемет есептеу күшін талап етеді, себебі мәселе өте көп мөлшердегі ақуыз молекуласы туралы болып отыр ғой. Егер молекулалардың көлемі 100 теңгелік тиынмен бірдей деп қарастыратын болсақ, онда адамның ағзасында орналасқан молекула санымен Тынық мұхитын толтырып жіберуге болар еді!
Сондықтан да бұл есеп арнайы алгоритмдердің көмегімен бірнеше шағын есептерге бөлінеді, ал олар қарапайым компьютерлер арқылы есептелінеді.

03

ОК, яғни есептің тек бір бөлігін ғана орындауға болады ғой?

Дәл солай. Қатысушының компьютері шағын тапсырма алады және оны өздігінен орындап болғаннан кейін жобаның серверіне жолдайды да, жаңа тапсырма алады. Серверде алынған нәтижелер жинақталып, талқыланады.
Ол үшін тек шағын ғана клиент-бағдарламаны орнату жеткілікті, ал қалғанына бас қатырудың қажеті жоқ. Клиент жаңа тапсырмаларды қабылдауды, орындауды және серверге жолдауды автоматты түрде жүзеге асырып отыратын болады.

04

Орнатылған клиент менің компьютерімнің жылдам әрекетіне қалай әсер етеді?

Бұл жағын жоба бастамашылары қарастырып қойған! Егер мәселе үй немесе кеңсе ПК туралы болса, клиенттің икемінде ол есептеуді тек өз мақсатына қарай қолданылмай тұрған кезде бастасын деп нақты көрсетуге болады.
Олай болса, өнімділіктің нашарлауын сіз сезбейсіз. Сонымен қатар өнімділіктің үш түрінің бірін таңдауға болады — жеңіл, орташа және қуатты.

05

Алайда, менің компьютерім мүлде тоқтамайтын секілді :)

Солай ма? :)
Ал сіз өз ПК-ңызды, мысалы, түскі асқа кеткенде өшіріп кетесіз бе? Немесе кино жазып алу үшін үй компьтеріңізді ешқашан түнімен қосып қоймайсыз? Егер солай істейтін болсаңыз, сіз бұл жобаға көмектесе алмайсыз:) Бірақ, қалжыңсыз айтар болсақ, орташа компьютер тәулігіне 1-2 сағат тоқтап тұрады. Ал тура осы уақыт әлемдік биомедицинаға өз көмегін тигізуі мүмкін.

06

Менің көмегім аса маңызды емес деп ойлаймын… Оның бірдемені өзгеруі мүмкін бе?

Кез келген көмек құнды. Егер Сіздің қатысуыңыз жазылмайтын ауруду жеңуді 1 секундқа болсын жақындата түсетін болса, мұның өзі жай нәрсе емес. Бүгінде көптеген адамдар қайырымдылық қорлары арқылы аурулары жазылмайтын науқастырдың қорқыныштарын басу үшін қол ұштарын беріп жатады, алайда, басқа да жол бар — оларды емдеу!
Бір мезет өзіңіздің дәл бір тұмауға қарсы дәрі сияқты қатерлі ісікке қарсы қолжетімді дәріні жақындата түскеніңізді елестетіңізші?

07

Қазір жобада қанша қатысушы бар? Жобаны қандай сандармен бағалауға болады?

Жобаға 20 жыл толып отыр!
Осы аралықта 255 мыңнан астам қатысушы компьютерінің қуаттылығы 1 Экзафлопс бағасына жетті. Нақты сандарды — жоба парақшаларынан қараңыздар.
Бүгінгі таңда folding@home жобасы есептеуді бөліп берген жобалардың ішінде ең кеңінен тарағаны. Бұған таңданудың қажеті жоқ, себебі, көптеген адамдар жобаның қаншылықты маңызды екенін жақсы түсінеді.

08

Бұл жобадағы команда деген не?
Біздің команданың нөмірі қандай?

Қатысушылар өздерінің географиялық қатыстылықтарын нақтылай түсу үшін немесе басқа жағдайларға байланысты командаларын қоса алады (мысалы, "AppleMac компьютерін қолданушылар" командасы бар).
Осылайша, командалар арасында және нақты командаға қатысушылар арасында өзінше бір жарыс әсері пайда болады. Біздің folding.kz командасының мақсаты — Қазақстандық пайдаланушыларды қосу. Біздің нөміріміз — 229215.

09

Көндіре алдық па! Қалай қосылу керек? Командаға қалай қосылу керек?

Біз сіздің қол ұшын созғаныңызға қуаныштымыз! Рахмет!
Алдымен клиентті жүктеп, оны нұсқаулық бойынша орнату керек. Кейін пайдаланушының атын таңдап, біздің команданың нөмірін көрсетесіз — 229215.
Есептеу басталғаннан кейін, біраз уақыт өткен соң Сіздің жұмысыңыздың нәтижесі Стэнфорд университеті жобасындағы біздің сайтымыздың командалық статистикасы парақшасында көрсетіліп тұратын болады.

10

Тек Windows үшін клиент бар ма?

Жоқ. Кеңінен тарған Windows клиентінен басқа, Mac OS X-ка арналған, және UNIX OS — Debian/Ubuntu (64bit и 32bit) және RedHat/CentOS/Fedora (64bit и 32bit) базаларының жүйесіне арналған нұсқалар да бар. Сондай-ақ OS Android-пен басқарылатын смартфондарға арналған қосымшалар да қарастырылған!
Осылайша, жобаны ұйымдастырушылар оған кез келген адам, өзінің ПК-сына қандай операциялық жүйе орналасқанына қарамастан қатыса алуына мүмкіндік беріп қойған.