Фолдингті баста...

Біз — Стэнфорд университеті FOLDING@HOME жобасының қазақстандық командасымыз.
Жобаның мақсаты — ақуыз малекуласын ширататын компьютерлік үлгілеу жүргізу, бұл қатерлі ісік, COVID-19, Альцгеймер, Паркинсон сияқты көптеген ауруларды жеңуге мүмкіндік береді. Аталмыш есепті орындау үшін компьютердің керемет күші қажет, алайда, ол тіпті ең ірі супер компьютерлердің өзінде жоқ. Есесіне, оған сіздер мен біздер иеміз — қарапайым кеңсе және үй ПК-ларын қолданушылар.

Бар болғаны күшімізді жұмылдыру қажет.